Түркістан облысы әкімі ауданды дамыту бағытында атқарылған жұмыстармен және алдағы уақытта атқарылатын жоспарлармен таныстырды.
«Мақтааралдың әлеуеті жоғары. Мұнда еңбекқор халық тұрады. Ел Президентінің тапсырмасымен «Дарбаза-Мақтаарал» теміржолының құрылысы жүреді. Саяси шешім қабылданып, экономикалық және техникалық негіздемесі әзірленуде. Бұл бастама аймақтың дамуына тың серпін береді», – деді Дархан Сатыбалды.