К 30-летию Независимости Казахстана | 27 қыркүйек 07:45

Сауд Арабиясымен инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары

«Самұрық-Қазына» АҚ-да Сауд Арабиясы Корольдігінің инвестиция жөніндегі Министрі Халид Бин Абдулазиз Әл-Фалих бастаған делегациясымен кездесу өтіп, ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Қордың компаниялар тобы көміртектік бейтараптыққа қол жеткізуге ерекше назар аударатынын ескерсек, Сауд компанияларының көмірсутек ресурстарын пайдалану тәжірибесі пайдалы екені сөзсіз. Оған қоса, геология мен ұңғыма бұрғылау саласындағы ғылыми ізденістер мен жетістіктерді және заманауи технологияларды игерудің бірлескен жобасы қос тарапқа да тиімді болмақ.

Сауд Арабиясы Корольдігінің бизнес қоғамдастығына Қордың ірі компаниялары қосылған жекешелендіру Бағдарламасына қатысу ұсынылды.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты нығайтудың пайдалы әрі тиімді бағыттарын айқындады. Соның ішінде «жасыл» энергетика, тауарлар мен әуе тасымалының логистикасы, инарқұрылымды дамыту.