14 ақпан күні аталған пойыз жолаушысы Анастасия Гранкина «Тараз – Павлодар» бағыты бойынша жолға шыққан. Жол бойында Киік-Босаға учаскесінде жолаушы №11 вагонның жолсерігі Ұлтуар Ибрагимовадан көмек сұрап, жүктіліктің тоғызыншы айында екеніндігін және толғағы басталғандығын хабарлайды.
Пойыз бригадасының қызметкерлері босанған әйелге алғашқы көмек көрсету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Жақын станцияға жедел жәрдем шақырылды. Медицина қызметкерлері келгенге дейін пойыз бастығының міндетін атқарушы Алдияр Теңгешев пен штаб вагонының кезекші жолсерігі Зина Күнісбаева жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті.
Сағат 14.53-те Ақадыр стансасына жақындаған шақта дүние есігін ашқан қыз баланың есімін Әмина деп қойды.
Пойыз Ақадыр стансасына келгеннен кейін жедел жәрдем қызметкерлері жаңа туған нәрестені және сол баланың анасын қарап шықты. Баланың жағдайы тәуір болғандықтан анасы ауруханаға жатудан бас тартып, олар соңғы стансаға дейін жол жүріп кетті.