Пойыз айдың тақ сан күндері жүреді. Пойыз бір уақытта 354 жолаушыны тасымалдай алады. Жол жүру уақыты 16 сағат 40 минут.
Жаз мезгілінде облыста «Семей – Жалаңашкөл» бағытында әлеуметтік маңызға ие пойыз қатынайды. Арақашықтық – 731 шақырым. Күнара 7 вагоннан жөнелтілетін бұл бағыттағы жол жүру құны: плацкарт – 4 322 теңге, купе – 6 226 теңге.