Теміржол саласында 17 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан білікті маман соңғы жылдары өндіріске тиімділігі жоғары жаңашылдықтарды енгізуге ерекше көңіл бөліп келеді. Оның зерттеу және зерделеу жұмыстарының нәтижесінде әзірленген бірқатар рационализаторлық ұсыныстар бүгінде еліміздің теміржол саласындағы өндірістік үдерістерге енгізу үшін қолдау тапқан. Мария Тұрсынова 2021–2026 жылдар аралығында 13 рационализаторлық ұсыныс енгізіп, олардың барлығы Астанадағы техникалық комиссия тарапынан жоғары бағаланды. Жуырда елордада өткен «Рационализаторлық – техникалық дамудың негізі» атты конференцияда Мария Евгеньевна ерекше жетістікке қол жеткізді. 150-ден астам өнертапқыштың арасынан озып шығып, «Үздік рационализатор» атағына ие болды. Ол жол шаруашылығы саласындағы өндірістік жаңашылдықтардың авторы ретінде әріптестері арасында үлкен құрметке ие. Мария Тұрсынова алдағы уақытта да жинақтаған тәжірибесі мен білімін пайдалана отырып, өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа шешімдер мен тың идеяларды жүзеге асыруды мақсат етеді.