Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу сатысында. ҚСТЗ алаңындағы жағдаймен танысқаннан соң инвесторлар және мердігер мекемелердің қатысуымен жиналыс өтті. Онда «СИТИК – Водная экология (Ақтау)» БК ЖШС Бас директоры Мэн Чжао Цин ҚМЖ-ын биыл мамыр айының соңына дейін аяқтау, ал іске қосу кезеңі маусым айының соңына жоспарланғанын мәлімдеді.
Алайда, ҚБМ басшылығы инвесторлардың белгіленген мерзімде жұмысты аяқтайтынына сенімді емес. Олардың халықаралық жобаларда тәжірибесінің болмауы, жұмыс күшінің жетіспеушілігі және жоспарлаудың нашарлығы құрылыс мерзімінің кешігуіне алып келді. Сонымен қатар, ҚБМ Басқармасы өңірде ауыз суға қажеттілік туындайтындықтан облыс әкімдігі кен орнына су беруді шілде айынан бастап шектей алатынын атап өтті. Бұл мұнай өндіру көлемінің азаюына және компанияның экономикалық жағдайының нашарлауына себеп болуы мүмкін.
Депутаттар аталмыш зауыттың ҚБМ үшін де, жалпы бүкіл өңір үшін де маңыздылығын атап өтіп, инвесторға объектіні іске қосу мерзімін және құрылыс жұмыстары кезінде жоғары сапаны қатаң сақтауды тапсырды. Айта кетейік ҚСТЗ жобасы ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында.