Алдымен мұнайшылар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық интернат-үйінің аумағын абаттандыруға кірісті. Мұнайшылар мұнда 100 көшет отырғызған еді. Содан бері олар әрбір ағашқа уақтылы күтім жасап, суарып келеді.
«Біз талдарды тек суарып қана қоймай, ауланы да тазартамыз. Сенбілікке шығудың арқасында тек айналаны тазарып қана қоймайды, ұжымның бірлігі артады. Таң атысымен көңіл-күйіміз көтеріледі», – дейді Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Асхат Телегусов.
Қарттар үйі ауласындағы ағаштар үшін күннің ыстығы аса қауіпті емес. Себебі, ҚБМ заңгерлері жасыл желекті аптасына бірнеше рет суарады. Олар сенбілікті көп өткізу – қаламызды көркейтетініне сенімді.