К 30-летию Независимости Казахстана | 19 қыркүйек 11:25

Serpin: Дамудың жаңа серпіні

«Ембімұнайгаз» АҚ-да жүзеге асқан «Серпін» жобасы мәресіне жетті. Жоба  барысында компанияның жас мамандары кәсіби және тұлғалық өсуге ықпал ететін дағдылар мен қасиеттерді шыңдады.

Айта кету керек, әрбір қызметкердің әлеуетінің жаңа қырларын ашуға бағытталған бұл жоба компанияда екінші жыл жүзеге асырылуда. Биылғы жылғы оқу 5 модульден тұрды және Атырау, Ақтау, Алматы және Астана қалаларында өтті. Жобаға қатысушы 28 жас маман эмоционалдық интеллект және тиімді коммуникация, жеке тиімділік және жобаны бюджеттеу тақырыптарын меңгерді, жобаларды басқару және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгерді.

Модульдік оқытудың қорытындысы бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ өндірістік және әлеуметтік процестерін жетілдіру мақсатын көздеген 4 команда өз жобаларын қорғады. Мысалы, «Спарта» командасы қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің цифрлық картасын, «Директорлар кеңесі» командасы – қызметкердің әлеуметтік пакетін автоматтандыруды,  «Бірлік» командасы – еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында геймификация элементтерін өндірісте пайдалануды, «Just do it» командасы жұмыс орындарында және жұмысшылардың демалыс орындарында ауаның сапасын жақсартуды ұсынды. Барлық жобалар бұдан әрі жүзеге асыру мақсатында қолдау тауып, мақұлданды.

 

«Серпін» жобасының қорытынды шарасына қатысқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев, «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Ринат Ізмұханбет, «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қайрат Әбенов «Серпін» сияқты жобалар қызметкерлерге стратегиялық ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға, дағдарыстарды жеңуге және өз ортасында көшбасшы болуға көмектесетін жаңа білім ағынына серпін беретінін атап өтіп, жас мамандарға сәттілік тіледі.

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс тобы