К 30-летию Независимости Казахстана | 15 қаңтар 12:06

Шағатайдың «Мұнай әлемі»

Шағатайдың өткен жазда салған «Мұнай әлемі» атты суреті 2023 жылғы балаларды қорғау күніне орай ҚазМұнайГаз ұйымдастырған байқауда 1-ші орынды иеленді. Сурет баланың көзімен болашақ өмірдің бақытты және қауіпсіз екендігін көрсетеді, ал экологиялық таза мұнай өндірісі үйлесімділік пен тыныштық орнаған әлемге сәйкес келеді.

Әкесі – Алтынбай Серікбек Жақсылықұлы 2019 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүйесінде жұмыс істейді. ҚМГ Ақтау қаласындағы өкілдігінің тарифтік саясат, еңбекақы төлеу және құқықтық сараптама департаментінің аға маманы.

Шағатай 5 жасынан бастап өнердің бірнеше бағытын меңгеріп келеді: 9 жасқа дейін спорттық-бал билерімен айналысып, бірнеше гран-при жеңіп алды. Қазақ ұлттық өнер университетінің дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 5-ші фортепиано сыныбында оқиды, ол онда он бес талантты баланың бірі болып қабылданды. Фортепиано виртуозы, қалалық және халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін лауреаты. Бір уақытта басқа аспаптарда да еркін ойнайды.

Шағатай «Ерке сылқым» күйін әлемдік үлкен сахналарында ойнап, қазақтың домбырасын насихаттауға өз үлесін қосқысы келеді. Сүйікті пәні – математика. Футболды жақсы көреді, мектеп матчтарында қақпашы болып ойнайды.

Жас талант белгілі қазақстандық композитор, пианист Рахат-Би Әбдісағин сияқты үлкен сахналарда өнер көрсетуді армандайды.