Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Мақат-Маңғыстау учаскесінде инфрақұрылымды дамытуға байланысты Шоқпар-тоғай, Бәйтерек, Тамақ, Манат, ал Атырау-Ақсарай учаскесінде Қызылжар бөлу пункттері пайдалануға берілді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramТасымал азайып, пойыз саны кеміп кеткен жылдары 7-разъезд бен Ганюшкиноның арасындағы 6-разъезд алынып тасталған болатын. Бүгінде тасымал көбейген соң, сол разъездер қалпына келтірілді. Вагон пайдалану депосы бойынша Ақжайық, Атырау, Ганюшкино, Сағыз, Мақат станцияларында жүк пойыздарын дайындау мен өңдеу уақытын қысқарту үшін тежегіштерді тексеретін және зарядтау қондырғысы орнатылды.
Соның ішінде 5-класты шағын ғана Дина Нұрпейісова станциясы Ресейдің Астрахань облысымен шектеседі. Учаске көлемі 7 шақырымдай жерді қамтығанымен, көтерер жүгі ауыр. Себебі, еларалық жүктер алдымен осы станция арқылы өтеді. Станция басында 1 200-дей халық тұрады, жергілікті халықтың негізгі тұтынатын тауарлары да теміржолмен келеді.