К 30-летию Независимости Казахстана | 28 желтоқсан 10:30

Шахмат шаршысындағы мұнайшылар

Маңғыстау мұнай құбыры басқармасында шахматтан турнир өткізіліп, жақын және шалғай мұнай айдау станцияларынан – барлығы 10 жұмыскер қатысты.

Турнир нәтижесінде1 орынды «Қаламқас» бас мұнай айдау станциясының тауар операторы, жас маман Бекарыс Үйтолған жеңіп алды. 2 орынды «Бейнеу» ЖӨДС бастығының орынбасары Ильдар Узбеков, 3 орынды «Қаламқас» БМАС БӨАжА слесары Сергей Соколов иеленді. Эндшпильдегі әдемі ойыны үшін бас энергетик қызметінің инженері Бақытжан Жарылғасынов марапатталды.

 

«Шахматты 17-18 жасымнан бастап ойнай бастадым. Бұл – менің ең бірінші турнирім. Бірінші орын алғаныма өте қуаныштымын. Жалпы турнир өте жоғары деңгейде өтті. Турнир ұйымдастырушыларына рахмет», – дейді «Қаламқас» БМАС тауар операторы Бекарыс Үйтолған.