Осылайша, Батыс Қазақстан облысындағы Шежін-2 шағын ауылының тұрғындары ADSL технологиясы бойынша сымды интернетпен қамтамасыз етілді.
«Қазақтелеком» желілерінің құрылысына дейін Батыс Қазақстан облысының Шежін-2 ауылының 1 500-ден астам тұрғыны сапасы төмен мобильді интернетті пайдаланған және барлық заманауи қызметтер мен сервистерге толыққанды қол жеткізе алмаған. Енді ауыл тұрғындары жылдам сымды интернеттің барлық артықшылықтарын пайдалана алады: салықтар мен айыппұлдарды онлайн төлеу, құжаттарға өтініш беру, электрондық үкімет порталы арқылы анықтамалар алу, коммуналдық қызметтерді төлеу және тағы басқалары.
«Бүгінде бәріміз интернетке тәуелдіміз, сондықтан көптеген ауылдардың бүкіләлемдік ғаламторға қол жеткізгеніне қуаныштымыз, ал тұрғындар сапалы интернеттің арқасында бұрын тек қала тұрғындарына қолжетімді болған барлық заманауи телекоммуникациялық қызметтер мен сервистерді пайдалана алады. Осыны түсіне отырып, Шежін-2 ауылының тұрғындары бүгін қосылуға жаппай өтінім беріп жатыр, және Біз әрбір өтінішті барынша жедел өңдеуге тырысамыз», – дейді «Қазақтелеком» АҚ БАТЫС ӨТД Батыс Қазақстан ЖЖТТ директоры Андрей Чеботарев.
Ауыл тұрғыны Серік Төреғалиев алғашқылардың бірі болып қосылуға өтінім берді. Жоғары жылдамдықты интернет мектепте оқитын балаларына оқу үшін, ал жұбайы екеуіне жұмыс істеу үшін қажет. Серік – газ компаниясындағы бақылаушы, енді оның жұмыс процесі ыңғайлырақ болды.
«Интернеттің келуімен тұрғындар маған телефон арқылы көрсетілімдердің суреттерін жібере бастады. Жұбайым мектепте жұмыс істейді. Оған және оның оқушыларына интернет жұмыс істеу, жаңа білім алу, көкжиегін кеңейту, семинарларға, конкурстарға қатысу және тағы басқалар үшін қажет. Сонымен қатар, біздің ауыл тұрғындары үшін интернет – бұл, бірінші кезекте, сыртқы әлеммен байланыс және қарым-қатынас жасау мүмкіндігі: әлеуметтік желілерді, мемлекеттік қызметтер сайтын пайдалану», – дейді Шежін-2 ауылының тұрғыны Серік Төреғалиев.
Күннің көп бөлігін жұмыста өткізетін Нұрболат Айтжанов бос уақытында немересімен теледидар көргенді ұнатады. Сондықтан Нұрболат алғашқы мүмкіндікте интернетпен бірге сандық теледидарды да қосқан.
«Біздің ауыл тұрғындары интернетті, кеңес заманында Ильичтің шамын күткендей күтті. Мобильді интернет бар, бірақ әлсіз жұмыс істейді, ал қазір барлығы асығуда, жылдам қосылғысы келеді. Интернет менің балаларыма, немерелеріме қажет. Қызмет сапасы жақсы, бәрі маған сәйкес келеді. Енді немереммен сандық теледидарды көріп отырамыз», – дейді Шежін-2 ауылының тұрғыны Нұрболат Айтжанов.
Талшықты-оптикалық желілер құрылысы бойынша «Қазақтелекомның» инфрақұрылымдық жобасының арқасында Батыс Қазақстан облысында 81 ауыл мен 300 мемлекеттік мекеме кең жолақты интернетпен қамтылды. Бұл қала мен ауыл арасындағы сандық теңсіздікті айтарлықтай төмендетеді. Енді ауыл тұрғындарының, соның ішінде eQoldau ашық қолжетімділік пункттерінің көмегімен барлық заманауи телекоммуникациялық қызметтер мен сервистерді пайдалану мүмкіндігі бар.