ҚТЖ атынан Павлодардан Шәкәрім Қожабаев, Щучинскіден Талғат Рахымбаев пен Игорь Марус, Қарағандыдан Мадет Әбікен, Рафаэль Акчурин және Николай Куяниченко қатысты.
Спорт Шәкәрім Қожабаевтың мектеп қабырғасынан бергі сенімді серігі болып келеді. Ол алты жылын БЖСМ-ге оқуға арнады, әскери борышын атқару кезінде спортпен шұғылдануды жалғастырды. Болат магистральда спортшы-теміржолшы 25 жылдан бері еңбек етіп келеді және бірнеше рет шаңғы және жеңіл атлетика жарыстарында жетістіктерге жетті.