Оқиғаға қысқаша тоқталсақ, Андреа Шымкентке жеткенде қалтасында әмияны жоғын байқаған соң, Назарбаев университеті арқылы "Жолаушылар тасымалы" компаниясына хабарласқан. Ал жолсеріктер пендешілікке салынбай, дереу пойыздан тапқан затты Астанадағы әріптестеріне жолдаған.
Студенттік тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында қонақжай Қазақстан жеріне табан тигізген Андреа Эрнандес ішінде ақша мен құжат бар әмиянды сол қалпында қайта табыстаған жолаушылар тасымалы өкілдеріне алғысы шексіз екенін айтады.