К 30-летию Независимости Казахстана | 19 қазан 11:38

Шотландияда сутегімен жүретін пойыз сынақтан өтті

Бонесс қаласында сутегі отынымен жүретін инновациялық пойызды сынақтан өткізудің келесі кезеңі сәтті аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл жоба аясында 40 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан 314 сериялы үш вагоннан тұратын электр пойызы қайта жасақталған. Қайта жаңғыртылған пойызға 614 сериялы нөмір берілген.  

Оған отын ретінде пайдаланылатын сутегі жергілікті электролиз зауытында өндіріледі екен. Пойызды сутегімен қамтамасыз ету үшін уақытша отын құю станциясы да тұрғызылған.

Сондай-ақ аталған жоба Angel Trains лизингті компаниясының қаржылай қолдауымен іске асып жатыр. Жалпы Шотландия үкіметі 2035 жылға қарай жолаушылар теміржол көлігін көміртегінсіз жүретіндей етіп шығаруды көздеп отыр.