К 30-летию Независимости Казахстана | 16 наурыз 11:03

Швейцарияда заманауи жаңа пойызға әншінің есімі берілді

Әлемдегі ең көне электрлендірілген теміржол желілерінің бірі Монтре – Оберланд – Бернуам бағытымен жүретін жаңа пойыз канадалық эстрада жұлдызы Шания Твеннің есімімен аталатын болды, деп хабарлады Rail-news.kz.

Швейцария темір жол операторы пойызға мұндай ерекше атау берудің себебін былай түсіндіреді: атақты әнші 10 жылдан бері Швейцарияда тұрып жатыр, оның үстіне экспресс-маршрутта орналасқан Женева көлінің жанында жылжымайтын мүлкі бар.

Golden Pass жаңа пойызы ені әртүрлі жолда жүре алады, өйткені дөңгелектер арасындағы қашықтықты қозғалыс кезінде өзгертуге болады.

«Жол енін ауыстыру механизмі қазір жаңалық емес, Испанияның Тальго пойыздары оларды ондаған жыл бойы пайдаланып келеді», – дейді темір жол операторы.

Дегенмен, Golden Pass пойыздары ғана 1 метрлік тар табаннан 1435-ке ауыса алады. Ал, испандық пойыздар ені 1668 жолтабаннан 1435-ке ауысады екен.

Жаңа пойыздарды швейцариялық пойыз өндіруші Stadler және француздық көлік алыбы Alstom компаниясы Pininfarina-мен серіктестікте жасаған.