Шымкентке пойызбен келген жолаушы вокзалдан шыққан кезде гүлденген айналма жолдың ортасынан қаланың маңызды элементін көреді. Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовтың айтуынша, қазіргі таңда сағаттың жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Сағат беті қаланың логотипінің бейнесіне ауыстырылды. Бұл төрт бағытқа қараған сағат қаланың Ұлы Жібек жолының бойында орналасқанын айшықтайды. Бағанның түбінде әр жағынан жануарлар орналасқан. Ол әлемнің төрт бағытын көрсетеді: жылқы солтүстікке, түйе оңтүстікке, балық шығысқа және тауық батысқа қарайды.
Қала көркін айшықтап тұрған нысанды күтіп-ұстау жұмыстары тұрақты назарда. Қоғамдық сағат соңғы рет 2012 жылы жөндеуден өткен болатын. Келген-кеткен жолаушы халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп тұратын сағат – шымкенттіктердің сүйікті атрибуты.
Жансая Сыдықбай Дереккөз: Қазақстан теміржолшысы