Аталмыш билеттердің 35%-ы осы күнге дейін орындалған сапарлар болса, жолаушылардың қалған 65%-ы ұшуды жақын арада жоспарлап қойған екен.
Сонымен қатар, әуе тасымалдаушының мәлімдеуінше, қазіргі уақытта билеттер сатылымы үстіміздегі жылдың 26 қазанына дейін ашық. Сол себепті қазақстандықтарға ұшуға алдын ала қамдануға кеңес беріледі.
Билеттердің жартысынан астамы төмен тарифпен, 10 мың теңгеге дейінгі бағамен сатылғанын айта кеткен жөн. Осы орайда рейстердің уақтылы орындалу көрсеткіші 92%-ды көрсетсе, әуе кемелерінің жүктеме коэффиценті 93%-ды құраған.
"Жерлестеріміз әлдеқайда жиірек ұша бастап, сапарларын бірнеше ай бұрын жоспарлай бастағаны өте қуантарлық жайт. Төмен бағалардың әсерінен көптеген адамдар пойыз бен автокөліктен жайлы ұшаққа ауысуда, – дейді FlyArystan сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова. – Осы себептен біз 30 мамырда Павлодар мен Шымкентке алғашқы рет орындалатын рейстерді асыға күтудеміз".
Билет құны Павлодарға 7 мыңнан, Шымкентке 5 мыңнан басталады және flyarystan.com сайтынан брондауға болады.