Осымен төртінші рет ашылған Орталықта Қазпошта мамандары мен өзге де шақырылған мамандар интернет саудасы бойынша семинарлар өткізіп, маркетинг, интернет-дүкендерді дамыту, тауар логистикасы қызметтері көрсетілмек.
"Кәсіпкерлер біздің Орталыққа келу арқылы өз тауарларын Қазақстан бойынша немесе шетелге сатуға мүмкіндік алады. Өйткені Орталығымыздың мамандары кәсіпкерлерге интернет-дүкендерін ашып беріп, онымен жұмыс жасау тәсілдерін үйретеді. Маркетингпен қоса, логистикасын да біз қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, шетелден мамандарды шақырып, түрлі тақырыпта тегін семинарлар өткіземіз. Шымкентте ашылған Е-commerce орталығында кәсіпкерлер тек кеңестер алып қана қоймай, Қазақстан және Өзбекстан бойынша тауарларды жеткізуге кеткен шығындарын өтей алады", - дейді "Қазпошта" компаниясының Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов.
Тағы бір айта кететін жайт - Шымкент әкімдігі бұл саланы дамыту мақсатында Е-commerce орталығына қажет жайлы тегін берген.
Жалпы электрондық сауда әлемдік үрдістен тыс, Қазақстанда да қарқын алуда. Мысалы өткен жылы ел бойынша онлайн-сауда көлемі 300 миллиард теңгені құрап, бұрнағы жылға қарағанда 60 пайызға асқан.