2024 жылдың қорытындысы бойынша өндіру және сервистік кәсіпорындардың 16 баяндамасы тыңдалды.
Сондай-ақ, алаң шеңберінде технологиялық хакатон өткізіліп, оның қорытындысы бойынша болашақ ҒЗТКЖ жобалары ретінде қарау үшін 9 ұсыныс әзірленді.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша аяқталған ҒЗТКЖ жобаларын одан әрі дамыту мен енгізу және оларды кейіннен көбейту жөніндегі негізгі тармақтар айқындалды, өндірістік тиімділікті арттыру үшін перспективалық бағыттар талқыланды. Соңынан қатысушылар «Қазатомөнеркәсіп-SaUran»-ның «Қанжуған» кенішіне барды.