К 30-летию Независимости Казахстана | 26 желтоқсан 13:30

Шымкенттің Қаратау ауданында жайлы мектеп ашылды

Білім беру мекемесі 1200 орынға лайықталып, заманауи жабдықтармен жабдықталған, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Қаратау ауданында жайлы мектептің ашылуы өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран-2 шағын ауданында орналасқан №143 орта мектепті аралады. Білім беру мекемесі 1200 орынға лайықталып, заманауи жабдықтармен жабдықталған.

 

Ауданы шамамен 13 мың шаршы метр ғимаратта оқушылар үшін барлық жағдай жасалған. Екі спорт залы, медициналық пункт, үш шеберхана, коворкинг-алаңдар, кітапхана, мәжіліс залдары бар.

Қала әкімі білім басқармасы мен мектеп басшылығына оқыту үдерісін ұйымдастыруға және оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды тапсырды.