«Қазпошта» АҚ өкілдері Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан YTO Express компаниясының жаңа логистикалық хабының ресми ашылу рәсіміне қатысты.
Іс-шара барысында өңірге арналған шекарааралық жөнелтілімдерді жылдам жеткізу мен өңдеуге бағытталған YTO–BOTA халықаралық логистикасының жаңа бағыты таныстырылды. Жаңа хаб сенімді әрі жедел логистикалық жөнелтілімді ұйымдастыру мүмкіндігін кеңейтеді.
Бұл Қазақстанға көлік бағытының негізгі буыны ретіндегі орнын нығайтып, халықаралық электронды сауда көлемін арттыруға сеп болады. Жаңа инфрақұрылым Қазақстан мен Қытай арасында сәлемдемелерді қысқа мерзімде жеткізуге, кәсіпкерлер үшін өзара әрекеттерді жеңілдетіп, отандық тауарды шетел нарығына шығаруға қосымша мүмкіндік береді.