Теміржол тасымалын дамыту елдің транзиттік-көліктік әлеуетін ашуға бағытталған ҚР көлік саясатының негізгі басымдығы болып қала береді. Марат Шәкенов отырысқа қатысушыларға компания жұмысының рекордтық көлемі туралы деректерді ұсынды: 2025 жылдың қорытындысы бойынша жүк тасымалы тарихи максимумға – 320 млн тоннаға жетті, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 5,5% жоғары.
Бұл ретте халықаралық тасымалдардың көлемі 143 млн тоннаны құрады, 80% астамы (115,3 млн тонна) ШЫҰ елдеріне келді, бұл өткен жылға қарағанда 6% өсімді көрсетті. Ал ағымдағы жылдың алғашқы екі айында тасымалдау көлемі 19,8 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 10% артық. «Бұл нәтиже Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан темір жолдарымен екіжақты негізде де, көпжақты форматта да үйлесімді бірлескен жұмыстың нәтижесі», - деп атап өтті ол.