К 30-летию Независимости Казахстана | 20 қыркүйек 12:30

Сианьда ҚР мен ҚХР темір жолдары басшыларының жұмыс кездесуі өтті

Сианда (ҚХР) Қазақстан мен Қытай темір жолдары басшылығының жұмыс кездесуі өтті. Екі ел теміржол жүйелерінің өзара іс-қимылы ҚР мен ҚХР экономикалық ынтымақтастығын дамыту үшін стратегиялық болып табылатыны атап өтілді.

Соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасында жүктерді тасымалдау көлемінің тұрақты өсуі байқалады. 2023 жылы тасымалдау көлемі рекордтық 28,3 млн. тоннаға жетті.

Күн тәртібінде ТХКБ бойынша өсіп келе жатқан жүк ағынының тұрақты өтуін қамтамасыз ету, халықаралық қатынаста ҚТЖ мен Қытай темір жолдары арасында деректер алмасу сапасын арттыру, контейнерлік пойыздардың өтпелі кесте бойынша қауіпсіз және тұрақты жүруін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, алдағы екі жылда ҚТЖ мен Қытай темір жолдарының өткізу қабілеті мен тасымалдау көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін ірі инфрақұрылымдық жобаларды аяқтайтыны атап өтілді.

Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша екі тарап тасымалдардың тұрақты өсуін одан әрі бірлесіп нығайтуға сенім білдірді.