Компания тәуекелдердің алдын алу, стандарттарды сақтау және адамдарға қамқорлық жасау сияқты басты басымдықтарды қамтитын жүйені кезең-кезеңімен қалыптастырып келеді.
Қазіргі уақытта нысанда екі негізгі технологиялық қондырғы — пиролиз және полимерлеу, сондай-ақ зауыттың жалпы шаруашылық нысандары бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда. Құрылысқа 1 100-ден астам маман және шамамен 330 техника бірлігі тартылды.