Жобаның бастамашысы «Ayt Housing Construction» ЖШС болып табылады. Бұл тұрғын үй кешенінде кезең-кезеңімен пайдалануға берілетін 4100-ден астам пəтер қарастырылған. Өткен жылы 495 отбасы пəтерлерінің кілтін алды. Биыл ауданы 27 072 шаршы метрді құрайтың қалған 6 үйді енгізу жоспарлануда, 594 отбасы қоныс тойын атап өтеді. Бұл құрылыс Қазақстандық тұрғын үй компаниясының алған кепілдігі негізінде үлескерлерді тарта отырып жүргізіледі.
Объектіні аралау қорытындысы бойынша басқарма төрағасы сапа мен бақылауды жақсарту, жұмыс өндіру технологиясын сақтау, сондай-ақ техникалық қадағалау жұмысын күшейту қажеттілігі үшін жұмыс өндіру кестесіне бірқатар өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мəселесі өте өткір, өйткені адамдардың негізгі қажеттіліктерінің арасында маңыздысы жəне өмір сүру сапасын сипаттайтын тұрғын үй болып табылады. Өз кезегінде SK Construction тұрғын үй кешендерінің құрылысын дамытуға жəне Қазақстан азаматтарына сапалы тұрғын үй беруге өз үлесін қосуға ұмтылады.