"Құрылысшы-ТБС" серіктестігіне жағдайды түзеуге бір апта уақыт берілді. Мәулен Айманбетов 7 күннің ішінде барлық учаскелерді бейнебақылау жүйесімен қамтып, жер қазу жұмыстарын аяқтап, техника мен мамандарды жұмылдыруды жүктеді. Сондай-ақ, құрылыс алаңдарын реттеп, талшықты-оптикалық байланыс желісін тартуды тапсырды.
«Уақыт алтыңға тең, сондықтан шаруаға қарқын қосып, құрылысқа дайындық жұмыстарын аяқтау керек. «Сіз», «біз» деген бөлініс болмасын, бәріміздің мақсатымыз бір – пилоттық ұлттық жобаны уақытылы әрі сәтті жүзеге асыру. Бізге өте маңызды миссия жүктелген», - деді жиналғандарға сөз барысында Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов.
Samruk-Kazyna Construction басшысы әр жайлы мектептің құрылыс кезеңдері мен мерзімі бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды. Мұндай міндет барлық мердігерлерге жүктелді.