Еліміздің әрбір тілек білдірген тұрғыны жаңа буын мектептерінің имиджіне үлес қосуға мүмкіндігі бар.
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
Құрылыс саласында, ақпараттық-жарнамалық және өкілдік өнімдерде, салынған мектептердің кейінгі ағымдағы қызметінде қолданылатын заманауи, ерекше, оңай танылатын логотипті құру.
Тапсырмалар:
- заманауи үрдістерді, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерді, тәжірибе мен ұрпақтар сабақтастығын үйлестіретін жайлы мектептің фирмалық стилін қалыптастыру; - қазақстандықтар арасында көркемдік және шығармашылық таланттарды анықтау және ашу, оларды белсенді шығармашылық қызметке тарту.Қатысу үшін электронды мекен-жайға онлайн-өтінім жіберу қажет info@fnsk.kz.
Байқау 2023 жылғы 13 наурыз бен 27 наурыз аралығында 2 кезеңде өткізіледі:
І кезең: 2023 жылғы 13 наурыздан 27 наурызға дейін – конкурстық жұмыстарды ұсыну. II кезең: 2023 жылғы 28 наурыздан 31 наурызға дейін – конкурстық жұмыстарды бағалау.2023 жылғы 27 наурыз сағат 00:00-ден кеш ұсынылған конкурстық жұмыстар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Конкурстың қорытындысын шығару: 2023 жылғы 1 сәуірге дейін, жеңімпаздарды хабарландыру және марапаттау – 2023 жылғы 3 сәуір.
Егер ұсынылған жұмыстардың ешқайсысы конкурстың талаптары мен өлшемшарттарын қанағаттандырмаса, комиссия конкурсты ұзарту туралы шешім шығаруға құқылы.
Жеңімпазды марапаттау
Конкурс нәтижелері бойынша марапаттау туралы шешім қабылданады:
1 орын - 700 000 теңге; 2 орын-200 000 теңге; 3 орын - 100 000 теңге.