Конкурстың талаптары мен критерийлеріне сәйкес келмеу себебінен комиссия өтінімдерді қабылдауды 2023 жылғы 12 сәуірге дейін Астана уақыты бойынша 00-00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, "Samruk-Kazyna Construction" ақ жалпы бюджеті 2 000 000 теңгеге дейін жүлде қорын көтерді.
Қатысу үшін info@fnsk.kz электронды поштаға онлайн-өтінімді (№1 қосымша сәйкес) жіберу қажет.
Өтінімдер 2023 жылғы 12 сәуір сағат 00.00-ге дейін қабылданады. Нәтижелерді жариялау және жеңімпаздарды марапаттау 2023 жылдың 19 сәуіріне жоспарланған.
Байқау 2023 жылғы 17 наурыз бен 19 сәуір аралығында 2 кезеңде өткізіледі:
І кезең: 2023 жылғы 17 наурыздан 12 сәуірге дейін – конкурстық жұмыстарды ұсыну. II кезең: 2023 жылғы 12 сәуірден 16 сәуірге дейін – конкурстық жұмыстарды бағалау.2023 жылғы 12 сәуір сағат 00:00-ден кеш ұсынылған конкурстық жұмыстар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Конкурстың қорытындысын шығару: 2023 жылғы 16 сәуірге дейін, жеңімпаздарды хабарландыру және марапаттау – 2023 жылғы 19 сәуір.
Егер ұсынылған жұмыстардың ешқайсысы конкурстың талаптары мен өлшемшарттарын қанағаттандырмаса, комиссия конкурсты ұзарту туралы шешім шығаруға құқылы.
Жеңімпазды марапаттау
Конкурс нәтижелері бойынша марапаттау туралы шешім қабылданады:
1 орын – 1 300 000 теңге; 2 орын – 500 000 теңге; 3 орын – 200 000 теңге.