Sinopharm компаниясы вакцинасының бұл партиясы Бірыңғай дистрибьютордың хабтарына жөнелтілгеннен кейін бірінші кезекте холдинг контингентінің қажеттіліктері үшін пайдаланылатын болады.
Содан кейін Hayat-Vax вакциналарының қалған саны халық арасында вакцинация алғысы келетіндер үшін қолданылады.
Аталған вакцина келесі кесте бойынша жеткізіледі:
2021 жылғы 30 сәуіріне дейін - 400 000 доза; 2021 жылғы мамыр айында - 600 000 доза.Алдын ала толтырылған шприцте немесе құтыда инактивацияланған Sinopharm Hayat-Vax (SARS-CoV-2 (Vero Cell) COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинасы, сақтау шарттары +2 - +8 градус. 1 адамға вакцинаның 2 дозасын енгізу ұсынылады, екінші доза бірінші инъекциядан кейін 14 күннен соң жүргізіледі.
Өндірілген аймағы Gulf Pharmaceutical Industries Julphar, БАӘ; Жеткізуші - G42 MEDICATIONS TRADING LLC; SARS-CoV-2 (Vero Cell) субстанциясы WEB (Wuhan Bio-Institute Biological Products Co. Ltd) және BIBP (Beijing Bio-Institute Biological Products Co.. Ltd) негізінде өндірілген екі өндіріс алаңы да Sinopharm-ге тиесілі.