Кездесу барысында тұрғын үй құрылысының ағымдағы жағдайы, абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы пікір алмасылды. «Батыс Премиум», «Юнис Сити» және «Bavaria» тұрғын үй кешендері бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.
Құрылыс салу жоспары шеңберінде тұрғын үй құрылысы бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға және компанияның Ақтөбе қаласы әкімдігінің тиісті бағдарламаларына қатысуына өзара дайындық білдірілді.
Диалогта Ақтөбе қаласының құрылыс материалдарын өндірушілерді қолдау мен жағдай жасау жөніндегі шараларға ерекше орын бөлінді. Атаулы жобаларды енгізудің негізгі мақсаты Қазақстанда жергілікті өндірісті ілгерілету және құрылыс материалдарының импортын алмастыру болып табылады.
Кездесу соңында тараптар құрылыс саласын нығайтуға бағытталған ынтымақтастықтың барлық қарастырылған бағыттары бойынша белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға дайындығын білдірді. Ертен Ақтөбе қаласындағы ескі үйлерді реновациялау бағдарламасы бойынша «Көп қабатты үйлер құрылысы» жобасын іске асыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарлануда.