МСӨЖ «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 11 өндірістік объектісінде орнатылған. Олар мұнайды мұнай өңдеу зауыттарына тасымалдау кезінде, «Өзен – Атырау – Самара» және «Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырлары арқылы экспортқа тасымалдау кезінде, сондай-ақ мұнайды жүк жөнелтушілерден қабылдаған кезде мұнайды есепке алуды қамтамасыз етеді.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС МСӨЖ-ді 3 өндірістік объектіге енгізді. Мұнайды есепке алу мұнайды «Кеңқияқ-Құмкөл» және «Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырлары арқылы тасымалдау кезінде жүргізіледі.
«МұнайТас» ЖШС МСӨЖ-ді «Кеңқияқ» БМАС-та, Т. Қасымов атындағы МАС-та, Н. Шманов атындағы МАС жанындағы «МұнайТас» ЖШС ҚТП-да пайдаланады. Мұнайды есепке алу «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбыры бойынша «Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы экспортқа және ішкі нарыққа аверс режимінде, сондай-ақ «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбыры арқылы реверс режимінде ішкі нарыққа тасымалдау кезінде жүзеге асырылады.