Жүктерді «Солтүстік-Оңтүстік» құрлық дәлізіне қайта бағдарлау аясында Мәскеу облысының Чехов станциясынан (РФ) Нава-Шева портына (Үндістан) пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілді. Ресейден Үндістанға жүк жөнелту бойынша жаңа көліктік-логистикалық шешімді «KTZ Express» АҚ мен «РЖД Логистика» АҚ бірлесе әзірледі.
Қырық қырықфуттық контейнерден тұратын пилоттық пойыз тағайындалған станцияға құрылыс материалдарын жеткізеді. Ресей, Қазақстан, Түрікменстан, Иран және Үндістан аумақтары арқылы өтетін теміржол маршрутының ұзындығы 8 мың шақырымнан асады.
KTZ Express Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағытына жүктерді қайта бағдарлауды жеделдетуге ерекше назар аударады. Биылғы маусымда Қазақстан, Түрікменстан және Иран арқылы Түркияға құрлықтық дәліз бойынша пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілді.