К 30-летию Независимости Казахстана | 04 қараша 09:25

«Солтүстік-Оңтүстік» бірлескен теміржол сервисін дамытатын келісім

KTZ Express, РЖД Логистика және TULM «Солтүстік-Оңтүстік» бағытында бірлескен теміржол сервисін дамытуға келісті.

«KTZ Express» АҚ, «РЖД Логистика» АҚ және «Түрікменстанның көлік-логистикалық орталығы» ААҚ (TULM) Халықаралық және транзиттік жүк тасымалдарындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Rail-news.kz.

Құжат үшжақты және транзиттік қатынаста жүктерді тұрақты тасымалдауды ұйымдастыруды, жүктерді халықаралық импорттық-экспорттық тасымалдау көлемін ұлғайтуды, «Солтүстік-Оңтүстік» теміржол дәлізінің әлеуетін іске асыруға бағытталған ынтымақтастықты дамытуды, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды бірлесіп пайдалануды көздейді.

 

Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес тараптар ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өнімдерін жеткізудің қысқа мерзімдерін қамтамасыз ететін елдер арасында жаңа тұрақты пойыздарды іске қосу арқылы теміржол маршруттарын дамытуға ниетті. Меморандум шеңберінде «Солтүстік-Оңтүстік» бағытының тиімділігін арттыру үшін технологиялық инновациялар мен бірлескен шешімдер енгізілетін болады.