«ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорны «Қаражанбасмұнай» 2022 жылдың соңында қолға алынған автопаркті жаңарту бағдарламасын аяқтауда. Бұл шаралар өндіріс тиімділігін арттыру және жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған.
Жобаның алғашқы кезеңінде компания 10 арнайы техника сатып алды. 2023 жылы қызметкерлерге 140 жаңа көліктің кілті табыс етілді. Былтыр тағы 123 арнайы техника қосылды.
Жыл басынан бері 39 көлік желіге шықты. Қазіргі кезде 52 арнайы техниканы сатып алуға келісімшарт жасалып, кен орнына жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жоспар бойынша тағы 4 техника әкелінбек.
Жаңа көліктер жұмыс сапасына оң әсер етіп, өндірістік процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Жалпы, арнайы техниканы сатып алу өндірістің қажеттілігіне және жоспарларға сай жалғасатын болады.