К 30-летию Независимости Казахстана | 25 қараша 09:47

S&P Global Ratings «Қазақтелеком» АҚ несие қабілеті жақсарады деп болжады

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі кезекті рет «Қазақтелеком» АҚ-ның «ВВ+» деңгейіндегі кредиттік рейтингі туралы жыл сайынғы есебін жариялады («Тұрақты» болжамы расталды), онда 2022-2023 жылдар кезеңінде Қазақстанның ірі телеком-операторының түсімі одан әрі органикалық өсуін жалғастырады деп болжанған.

S&P сарапшылары өз есебінде қазақстандық оператордың ішкі телекоммуникация нарығындағы үлесін, соның ішінде: ұзындығы 85 мың шақырымнан астам магистральдық желілер мен 14 мыңнан астам базалық станцияларды қамтитын ауқымды инфрақұрылымы, қалыпты борыштық жүктемесі, сондай-ақ EBITDA бойынша табыстылықтың жоғары көрсеткіштері сияқты негізгі мықты тұстарын атап өтті.

«Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобы қаржылық тұрақтылық мәселелеріне көп көңіл бөледі, өйткені бұл біздің бизнесіміздің ұзақ мерзімді тұрақты даму мүмкіндігіне кепілдік береді, – деп түсіндірді «Қазақтелеком» АҚ Бас қаржы директоры Людмила Атамуратова S&P Global Ratings ағымдағы есебінің қорытындыларына қарай отырып. – S&P мамандары көрсеткен өтімділіктің жеткілікті деңгейі мен компанияның қаржылық беріктігінің елеулі қоры 2021 жылдың қорытындысы бойынша компания акционерлеріне өз қаражатынан 39,5 миллиард теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу туралы соңғы шешіммен тағы да бір расталғанын атап өткім келеді. Біз, әрине, несиелік рейтингіміздің деңгейін ұстап тұру мәселесіне үлкен мән береміз, өйткені S&P Global Ratings сияқты беделді халықаралық агенттіктің пікірі қаралып отырған компанияның жай-күйін объективті түрде көрсетеді және жергілікті ғана емес, сонымен қатар шетелдік инвесторларға, кредиторларға және басқа да стейкхолдерлерге әртүрлі компанияларды бір-бірімен салыстыруға мүмкіндік береді».

Халықаралық агенттіктің болжамы бойынша «Қазақтелеком» компаниясының кірісі мына құралдар арқылы арта бермек: ақылы теледидар абоненттерінің ұлғаюы және интернетке кең жолақты қолжетімділік сегментінде бизнестің үздіксіз дамуы және ұялы байланыс қызметтерін қосымша сату мүмкіндіктері нәтижесінде тіркелген және мобильді байланыс сегменттерінде тұрақты өсім.

S&P Global Ratings сарапшылары компанияның өтімділік көрсеткіштерін «жеткілікті» деп бағалайды: олардың пікірінше, «Қазақтелеком» компаниялар тобының кредиттік портфелінде ұлттық валютадағы борыштық міндеттемелерді өтеудің қолайлы кестесі жасалған және шетелдік валютаға байланбаған. Сонымен қатар, сарапшылар өтімділіктің барабар деңгейі үшін тіпті EBITDA көрсеткішінің 15%-ға төмендеуі де қолайлы деп санайды – компанияның мызғымас беріктік қорын олар соншалықты маңызды деп біледі.

Агенттік белгілі бір дәрежеде компанияның қызметіне елдегі экономикалық жағдайдың әлсіреуі әсер етуі мүмкін екендігін де жоққа шығармайды. Дегенмен, S&P Global Ratings есебіне сәйкес, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстанның рейтингтері бойынша «Негативті» болжамының қайта қаралуы «Қазақтелеком» АҚ кредиттік рейтингінің деңгейіне теріс әсер етпейді. Бұл сарапшылардың елдегі телекоммуникация саласындағы көрсеткіштердің тұрақтылығымен, қоса осы нарықтағы «Қазақтелекомның» сенімді жағдайы және борыштық жүктеменің ағымдағы төмен деңгейі және компанияның күрделі шығындар бағытындағы икемділігімен ұштастыра отырып, қажет болған жағдайда сыртқы жағдайлар нашарлаған болса, қорғануды қамтамасыз ете алатын сенімділігіне байланысты. Осы себептер бойынша «Қазақтелеком» АҚ кредиттік рейтингі ағымдағы «ВВ+» деңгейінде «Тұрақты» болжаммен расталды.

Fitch Ratings агенттігі берген және 2021 жылғы желтоқсанда расталған «Қазақтелеком» АҚ ағымдағы кредиттік рейтингі «тұрақты» болжаммен «BBB-» деңгейінде тұр.