К 30-летию Независимости Казахстана | 27 сәуір 08:20

S&P QazaqGaz рейтингін тұрақты болжаммен BB+ дейін көтерді

Халықаралық S&P Global Raitings агенттігі QazaqGazдың несиелік рейтингін тұрақты болжаммен BBдан BB+ дейін көтерді. Агенттіктің хабарлауынша ұлттық компанияның қаржылық көрсеткіштері тұрақты.

Қазақстанда QazaqGazдың рөлі артып келеді. Ел Үкіметінің газдандыру қарқынын арттырып, «жасыл» экономикаға өтуі оған себеп болды. «Біздің ойымызша Қазақстанда газ энергетикалық тұрақтылықтың басты құрамдас бөлігіне айналып отыр. Бұл 2018 жылдан бері газға деген сұраныстың 50 пайызға өсуімен байланысты»,-делінген хабарламада.

«Компанияның несиелік рейтингінің жоғарылауы мемлекет басшылығының газ саласында жасап жатқан реформалары нәтижелі екенін көрсетеді. Инвестициялық тартымдылық артып келеді. S&P халықаралық агенттігінің бағалау нәтижелері QazaqGazдың дұрыс жолда екенін растайды», – деді  «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов.

Болашақта QazaqGazдың несиелік рейтингі компанияның өзіндік несиелік қабілеттілігі мен, Қазақстанның егеменді рейтингіне байланысты болмақ.