К 30-летию Независимости Казахстана | 23 қазан 16:37

SPO KEGOC бойынша онлайн кездесу өтті

Оған «Қазпошта» АҚ-ны қоса алғанда, KEGOC акцияларын сатумен айналысатын барлық компаниялар қатысты.

Бүгінгі күні «Қазпошта» АҚ қызметкерлері «Қазпошта» АҚ-да шоттары бар KEGOC акцияларын ұстаушыларды SPO мәмілесінің басталғаны туралы хабардар етті. Сондай-ақ Қазпошта клиенттері үшін post.kz мобильді қосымшасы арқылы push-хабарлама іске қосылды.

Компания SPO-ға қатысуға өтінімдерді қабылдау бойынша жұмысқа белсенді тартылған Қазпошта облыстық филиалдарының қызметкерлерін оқытты. «Kazpost Investor» онлайн-қосымшасы KEGOC SPO-ға қатысуға жаңа өтінімдерді қабылдау үшін конфигурацияланған. Өтінімдер Қазпоштаның барлық облыстық филиалдарында қабылдана бастады.

Сонымен қатар брокерлік қызметтер басқармасының қызметкерлері Қазпошта бөлімшелерінде көрсетілетін екі ролик дайындады. Бұл роликтер клиенттерге KEGOC SPO-ны және осы іс-шараға қатысудың маңыздылығы туралы толығырақ ақпарат алуға көмектеседі.