Рахымжан Теміров ерлер арасындағы тоғызқұмалақтан ІІ орын, ал, әйелдер арасында Гүлзира Алдашбаева ІІІ орынды алды. Үстел теннисінен Руслан Даутов пен Жанар Сәрсенғалиева күміс жүлдеге ие болды.
Волейбол мен кіші футбол ойындарынан аталған басқарманың құрама командасы қола жүлдегер атанған болатын. Спартакиада қорытындысы бойынша, жылыойлық басқарма ұжымы жалпыкомандалық есепте ІІІ орынды еншіледі.
Кездесу барысында басқарма бастығы Ғибатолла Шанаев мұнайшыларға ұжым арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға қосып жатқан үлестеріне ризашылығын білдіріп, қызметкерлердің корпоративті рухын арттырып, әріптестер арасында ауызбіршілік пен достықты қалыптастыруды мақсат еткен спартакиададағы нәтижелерін жоғары бағалады. Алғыс хаттармен марапаттады.
Спартакиадаға қатысқан спортшылардың ұсынысымен басқарма аппараты және жас мамандары бірігіп, қайырымдылыққа қаражат жинап, Құлсары қаласындағы «Мүгедектер қоғамына» көмек көрсетті. Шара барысында аталған ұйымға қайырымдылық көмек тарту етілді.