К 30-летию Независимости Казахстана | 17 маусым 15:53

Спортта үздік теміржолшы отбасылар анықталды

Отбасылық сайыс «Үлкен жарыстар» форматында өтті.

Іс-шараны компанияның 25 жылдығы мен салалық кәсіподақтың 30 жылдығын мерекелеу аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның әлеуметтік саясат департаменті ұйымдастырды. Биыл алғаш рет теміржолшылардың ең белсенді отбасыларының сайысы «Үлкен жарыстар» форматында өтті – олар рекордтық 200 метрлік кедергілерден өтуі керек еді.⠀

Нәтижесінде ел астанасынан келген Орынбасар отбасы үздік атанды. «Кедентранссервис» АҚ техникалық қамтамасыз ету департаментінің директоры Асқар Орынбасар, оның жұбайы Мақпал және 10 жастағы ұлы Абылай нақты да үйлесімді, ең бастысы – қалғандарына қарағанда ширақ қимылдап, барлық сынақтардан өте алды.

Екінші орынды тағы бір елордалық отбасы алды. Нұр-Сұлтан станциясының жүкті және багажды қабылдап-тапсырушысы Гүлсая Бегежанова және оның жұбайы, «Вагонсервис» АҚ сатып алу бөлімінің бұрынғы бастығы Арман Нұркеев – көп балалы ата-аналар. Олар алты баланы тәрбиелеп отыр.

Құрмет тұғырының үшінші сатысына Семейден келген теміржолшы Нұрлан Бегәділовтың отбасы көтерілді. Отбасылық жарыстарда жүлделі орынға 13 жасар ұлы Арнұр ата-анасымен таласса, ал 10 жастағы қыздары басты жанкүйері болды.