К 30-летию Независимости Казахстана | 19 наурыз 09:03

Спортты серік еткендер

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе МҚБ қызметкерлері Камиль Қадыров пен Ержан Жаманқұлов «Ақтемір» командасының құрамында футбол әуесқойлары лигасында І орын алды.

Шағын футболдан турнир Қазақстан ЛЛФ Ақтөбе филиалы ұйымдастыруымен өтті. Онда футзал бойынша Қазақстан чемпионатына іріктеу мақсат етілген. Сондай-ақ, «Кеңқияқ» БМАС ҚТП жетекші инженері Камиль Кадыров пен «Кеңқияқ» БМАС ҚТП операторы Ержан Жаманқұлов мини-футболдан Қазақстан чемпионатының күміс, қола жүлдегерлері, сондай-ақ Мәскеу қаласы «Табиғи ресурстар кубогы-2016» шағын-футболдан жарыста 2-орын иегерлері.