«Мұнай тасымалы саласында еңбек етіп жүргеніме биыл он жеті жыл. Станцияда өз қолыммен өсірген 130-дай гүлім бар. Тек қана бөлме гүлдері емес, сонымен қатар дала гүлдерін де өсіремін. Былтыр тұқым сатып алып, станцияда ектім. Далада қыс болса да бізде әрдайым жаз, таза ауа және әсемдік», – дейді Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасына қарасты №10 мұнай айдау станциясының ғимараттардың тазалығына жауапты маманы Надежда Проценко.
«Вахталық әдіс бойынша жұмыс істегендіктен, айналамыздың үнемі жасыл, таза болуы, гүлдердің хош иіс шашып тұрғаны өзімізге де жақсы ғой», – дейді Сәбира Байзақова әріптесі.
Олар келешекте бөлме гүлдерінің түрлерін көбейтуді мақсат етуде.