Екі қабатты ғимараттың жалпы алаңы 1 236,5 шаршы метрді құрайды. Корпус бір мезгілде 35 қызметкердің тұруына арналған. Ғимаратта жатын бөлмелер, асхана, арнайы киімді сақтауға және кептіруге арналған бөлмелер, жаттығу залы, медициналық кабинет, жұмыс кабинеттері және қауіпсіздік техникасы бойынша оқу сыныбымен біріктірілген кеңес өткізу залы қарастырылған.
Нысанды салу кезінде негізінен отандық өндірісте шығарылған материалдар пайдаланылды. Қазақстандық қамту үлесі 70%-ды құрады. «Степное» МАС-та санитарлық-тұрмыстық корпустың салынуы вахталық персоналдың нысандағы жұмыс кезеңінде неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
«ҚазТрансОйл» компаниясы әрдайым адамдарға қамқорлық көрсетіп келеді. Мен осы МАС-та 30 жыл еңбек еттім, қазір зейнет демалысындамын. Бүгін мұнда асханасы мен барлық жағдайы жасалған жаңа корпус ашылып отыр. Осында еңбек етіп жүрген әріптестеріме тек жұмыстарына табыс тілеймін», - деді отыз жылдан астам уақыт «Степное» МАС-та бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарь болып еңбек еткен Сергей Харламов.
«Степное» МАС «Павлодар – Шымкент» магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдауды қамтамасыз етеді және тәулік бойы жұмыс істейді. Осыған байланысты вахталық персоналдың тұруы мен демалуына тиісті жағдай жасау станцияның тұрақты жұмысын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болмақ.
«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік нысандардағы әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытып келеді. 2024–2026 жылдары компания жалпы ауданы 16 131 шаршы метр болатын 23 әлеуметтік нысанды салып, жөндеуден өткізді.