«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ NU және Higgsfield-пен (отандық AI стартапы) бірлесіп, цифрлық шешімдерді іздеуге бағытталған хакатон өткізді. ҚТЖ қатысушыларға «Қиындықсыз телеметрия: Локомотив телеметриясын визуализациялау» SWE-кейсін ұсынды.
Тәулік ішінде еліміздің түрлі жоғары оқу орындарының 56 командасы нақты уақыт режимінде локомотивтің жай-күйін мониторингілеуге және ықтимал ақауларды ерте анықтауға арналған прототиптері мен қолданбалы шешімдерін әзірледі.
Нәтижесінде ҚТЖ одан әрі пысықтау және енгізу үшін пайдаланылуы мүмкін бірқатар перспективалы прототиптерге ие болды. Іс-шара форматы қысқа мерзімде ондаған технологиялық гипотезаларды сынақтан өткізуге және ең тиімді тәсілдерді анықтауға мүмкіндік берді.
Хакатон қорытындысы бойынша:
1 орынды NU-ның «Хакнушники»; 2 орынды NaN; 3 орынды ForCode студенттер командасы иеленді.Бұл форматтағы хакатондар жасанды интеллект шешімдерін енгізуге ғана емес, сонымен қатар дайындығы бар IT-мамандардың кадрлық резервін қалыптастырады. Компания отандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты жалғастыруға және көлік саласына жаңа идеялар мен технологияларды тарту құралы ретінде осындай форматтарды дамытуға ниетті.