«Бүгінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде баға жағдайы тұрақты, азық-түлік жеткізуде кедергі жоқ. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуі байқалмайды. Су басқан өңірлерде күн сайын сауда объектілеріне мониторинг жүргізіледі. Айтар болсақ, Петропавл қаласына қалаға су берудің бұзылуына байланысты күн сайын «Магнум» сауда желісі және дистрибьюторлық компаниялармен қала халқын ауыз сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылды», - деді Ернұр Жәутікбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, Петропавлға жететін автожолдарды су басып, қозғалыстың шектелуіне байланысты Сауда министрлігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшылығымен бірлесіп ауыз суды пойызбен жеткізген.
«Көкшетау минералды сулары» АҚ-мен 5 литрлік бөтелкеге (тәулік бойы) су құюға және жедел жеткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Солтүстік Қазақстан облысының Сауда департаментінің мәліметінше, су жеткізуде проблема жоқ, барлық қатынас бағыты ашық және кедергісіз жүргізілуде», - дейді ол.