Ол өзінің негізгі жұмысына қоса, қайырымдылық жұмыстармен айналысып, су тасқынынан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жеткізген еңбегі үшін құрметке ие болды. 32 жастағы теміржолшы жігіт депода он жылдан бері еңбек етеді. Сексеуіл-Шалқар, Сексеуіл-Ақтөбе бағытында жолаушылар пойызын және Сексеуіл–Қандыағаш аралығында Тальго жүрдек вагонын тасымалдайтын машинист көмекшісі.
– Батыс жақты су алған кешегі тасқын кезінде Сексеуіл кентіндегі «Қарақат» сауда үйінде 4 күн бойы азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмектен гуманитарлық көмек жиналды. Біз 7 адам болып, сол көмекті жеткізіп беруге бірнеше жүк машинасымен жолға шықтық. Оның ішінде екеуміз – теміржолшылармыз. Екінші әріптесім – «Қамқор-локомотив» мекемесінің қызметкері Бақтияр Ізбасаров. Гуманитарлық көмек миссиясы 5 күнге созылды. Бәрі сәтімен болып, елге қап-қап алғыс арқалап қайттық, – дейді машинист көмекшісі.
Ол сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті атынан да Алғыс хатқа ие болды.
Райхан Рахметова,
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"