К 30-летию Независимости Казахстана | 13 июля 19:01

Қордың қайырымдылық жобалары аясында 650 мыңнан астам адамға қолдау көрсетілді

 

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы жалпы сомасы 24,6 млрд теңгеге 27 жобаны іске асыру мақұлданды. Жалпы, 2026 жылға арналған қайырымдылық жобаларының портфелі жалпы бюджеті 43,8 млрд теңге болатын 42 жобаны қамтиды. Олардың қатарында бұрын басталып, биыл да іске асырылып жатқан жобалар бар.

Бірінші жартыжылдықта жүзеге асырылған және іске қосылған жобалар:

Ақтөбеде инклюзивті спорт орталығы ашылды; 5 мың баланың қатысуымен Alem TechFest халықаралық инженерлік фестивалі өтті; Ә. Қастеев атындағы музей жаңғыртудан кейін қайта ашылды; Атырау облысының Доссор кентінде мұражай-кітапхана ашылды; 11 спорт кешенінің, оның ішінде үш инклюзивті спорт орталығының құрылысы басталды; Созақ аудандық ауруханасын күрделі жөндеу басталды; Венеция биенналесінде Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды; 3 мыңнан астам адамның қатысуымен Charity Samruk Marathon өтті.