К 30-летию Независимости Казахстана | 08 қыркүйек 10:09

«Сұңқар» жүк кемесі Ақтаудан алғашқы сапарына аттанды

Ақтау теңіз сауда портынан қазақстандық контейнерлік жүк тасымалдайтын екін­ші кеме «Сұңқар» ал­ғаш рет жолға шықты, деп хабарлады «Егемен Қазақстан» сайты.

«Қа­зақ­теңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі «Сұңқар» кемесі осы уақытқа дейін компанияның мамандандырылған флот қатарында болды.

Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомо­биль жолдары басқармасы ма­ман­дарының айтуынша, Транс­­кас­пий халықаралық көлік мар­­шру­тындағы және жалпы әлем­дегі контейнерлік тасымал­дарға деген қажеттілік пен сұра­ныс­тың жоғары болуына байланысты кеме қайта жасақталып, контейнер тасымалдайтын кеме ретінде модернизацияланған.

«Сұңқар» кемесінің алғаш­қы бағыты – Әзербай­жан Респуб­ли­касы Баку қала­сының «Алят» порты. «Қазақ­теңіз­көлікфлоты» ҰТКҚК ЖШС кон­тей­нерлік кеме ретінде алғаш са­пар­ға шыққан су көлігін салтанатпен шығарып салды.