«South Urals Limited» бірлескен кәсіпорны геологиялық барлау жобасымен айналысады. Геологиялық барлау кезеңі сәтті аяқталса, түсті және бағалы металдар бірлесіп өндіріледі және шығарылады деп жоспарланып отыр.
Еске салайық, «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытында грейдирлеу жүйесін енгізуге дайындық жүргізіліп жатыр. Жұмыскерлердің грейдтерін айқындау жауапкершілік деңгейіне, компанияның жұмысына әсер ету дәрежесіне және жалақының орташа нарықтық деңгейіне сүйене отырып, әрқайсысының әділ жалақысы тұрғысынан маңызды.
Hr-де «грейд» ұғымы 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Американдық Эдвард Хей бір кәсіби деңгейдегі қызметкерлерге бірдей жалақы төлеуді көздейтін, бірақ әртүрлі тапсырмаларды орындайтын еңбекті бағалау жүйесін құрды.