Бұл дегеніміз, қызметкерлердің қауіпсіздігі, әлеуметтік және психологиялық әл-ауқаты мәселелері арнайы бақылауда.
Проблемалық орындарды анықтауға өндірістік қатынастарды дамыту жөніндегі бірыңғай оператор - әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығының қолдауымен жүргізілетін IR-скрининг көмектеседі. Скрининг, қосалқы өндірістік объектілердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкестігін тексеруді көздейді.
Алынған мәліметтер негізінде IR-мамандар анықталған кемшіліктерді түзету бойынша іс-шаралар кешенін әзірлейді, бұл ұсынымдар міндетті түрде орындалады.